Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматыда ер адам жалған долларды пайдаланып, криптовалюта сатып алмақ болған

Алматыда ер адам жалған долларды пайдаланып, криптовалюта сатып алмақ болған, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда ер адам жалған долларды пайдаланып, криптовалюта сатып алмақ болған
фото: Polisia.kz

Аудандық полиция басқармасы басшысының сөзінше, жергілікті тұрғын белгісіз біреудің криптовалюта төлеу үшін жалған 100 мың доллар төлемек болғанын мәлімдеген. 

Іс жүргізу барысында жәбірленушінің интернет арқылы криптовалютаны ірі көлемдегі соммаға сатуға келіскені анықталды. Кездесу жоспарланған болатын, онда сатушы криптоәмианға электронды ақшаны  аударды. Алайда “сатып алушы” криптовалютаны алғанын растамады және оны алдадың деп айыптауға тырысқан. Бұл алдын ала ойластырылған алаяқтықтың бөлігі болып шықты. Күдікті қамауға алынды. Ол А.есімді азамат болып шықты. Белгілі болғандай, ұсталған азамат виртуалды ақшаны сатып алу бойынша өз міндеттемелерін орындағысы келмеген, сондықтан ол кездесуге жалған долларлық купюраларды алып келген – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.  

Қазір бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс тіркелді.  Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған заңсыз әрекеттің ықтимал сыбайластарын анықтау және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.