Ақтөбеде деструктивті діни ағымды ұстанушыдан марихуана табылды

Ақтөбеде деструктивті діни ағым өкілі, Мұғалжар ауданының 34 жастағы тұрғынынан марихуана табылып, тәркіленді. Оны ұстау бойынша арнайы операция желтоқсанның 23-і күні өтті, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Ақтөбеде деструктивті діни ағымды ұстанушыдан марихуана табылды
фото: Polisia.kz

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында өсімдік заттары салынған 4 қағаз бума табылды. Олар әр түрлі жерде жасырылған.

Мамандар ол зат салмағы шамамен 7 грамм болатын кептірілген марихуана екенін анықтады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі – "Есірткі, психотроптық заттарды өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, олардың аналогтары" бойынша сотқа дейінгі тергеп, тексеру басталды.