Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Астана қаласының тұрғыны тісін жұлдырамын деп үш рет отаға түсті

Астана қаласының № 2 көпсалалы ауруханасының дәрігерлері 28 жастағы қыздың өмірін сақтап, оның ағзасындағы іріңдеу процесін тоқтатты. Оған бір жарым айда үш ота жасалды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Астана қаласының тұрғыны тісін жұлдырамын деп үш рет отаға түсті
фото: penza.zoon.ru

Zakon.kz хабарлауынша ол 11 қараша күні тамақ ауруымен дәрігерлерге жүгінді. Дәрігерлер ауыр іріңді-қабыну ауруын анықтады. Қыздың жағдайы өте ауыр болды. Проблеманың басы тіс жұлудан басталған, ол ауыз қуысының түбіне, содан кейін мойынның терең бөліктеріне өтіп кеткен. Әрі қарай, іріңді процесс кеудеге түсіп кеткен, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Дәурен Әбілдин мұндай жағдайдағы пациенттер 90% жағдайда тірі қалмайтынын айтты.

Қыздың аман қалып, сау болуы — үлкен жетістік! Жас қыздың денесіне түсіп кеткен іріңді толығымен тоқтата алғанымыз — күнделікті бірлесе атқарған қажырлы еңбегіміз — деп атап өтті Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі Азамат Маткенов.

Бір жарым ай ішінде жас қызға 3 ота жасалды, күнделікті процедуралар, таңу мен тыныс алу жаттығуларын жасауға мәжбүр болды. Сол сияқты оны арнайы тамақтандыру қажет болды. Іріңнің әсерінен қыз толық қалпына келгенге дейін өздігінен жұтынып, тамақ іше алмады.

Науқасты құтқаруға жақ-бет, кеуде және іріңді хирургия, реанимация және анестезиология бөлімшелерінің, эндоскопиялық бөлімшенің дәрігерлері, клиникалық фармакологтар, пульмонологтар және реабилитологтар қатысты. 

Қазір Заруды ауруханадан шығуға және жаңа жылды отбасымен үйінде қарсы алуға дайындалып жүр.