Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Жетісу облысында алаяқ ұрланған телефон арқылы зейнеткердің атына несие рәсімдеп алған

Жетісу облысында алаяқ ұрланған телефон арқылы зейнеткердің атына несие рәсімдеп алған, – деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Жетісу облысында алаяқ ұрланған телефон арқылы зейнеткердің атына несие рәсімдеп алған
Фото: ашық дереккөзден

Polisia.kz хабарлауынша 65 жастағы әйел Жетісу облысы Ескелді АПБ-ға банктердің бірі өзіне белгісіз кредиторлық берешекті төлеуді талап етіп отырғандығын айтып арызданды. Жедел-іздестіру шаралары барысында әйелге тиесілі болған телефонның бір апта бұрын ұрланғандығы анықталды. Белгісіз біреу телефонды пайдалана отырып, зейнеткердің атынан тауарлық несие рәсімдеп алған. Ұрланған телефонды полиция қызметкерлері әйелдің алыс туыстарының бірінен тапты. Белгілі болғандай, күдікті телефон арқылы 1,2 млн теңгеге несие алып, бірнеше алтын бұйымын ломбардтан сатып алған. Іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.