Тараздық әйел сақинасын шешу үшін құтқарушыларды шақырған

Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шығып, арнайы кескіш құралдардың көмегімен әйелдің қолындағы сақинаны алған.

Тараздық әйел сақинасын шешу үшін құтқарушыларды шақырған
Фото: ашық дереккөз

Тараз қаласының тұрғыны саусағынан шықпай қалған сақинаны шешу үшін Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушыларын шақырған, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің "112" қызметіне Тараз қаласы Қаратау шағын ауданындағы №24 үй тұрғыны – әйел адамның қолындағы сақинасы шықпай, қолы ісіп кеткендігі жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шығып, арнайы кескіш құралдардың көмегімен әйелдің қолындағы сақинаны алған. Әйел өз кезегінде құтқарушыларға алғыс білдірген.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушы мамандары арасында мұндай ерекше қоңыраулардың түсіп тұратынын айтады.