Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алматы облысында оқыс оқиға болды

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 5 қазанда Іле ауданына қарасты Түймебаев ауылында болған. 

Алматы облысында оқыс оқиға болды
Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының маңында 4 және 6 жасар екі бала мұз астына түсіп қаза тапты, деп хабарлады paryz.kz, Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүлдіршіндер ата-аналарының қарауынсыз жүрген. Ведомствоның мәліметінше, оқиға 5 қазанда Іле ауданына қарасты Түймебаев ауылында болған. Өзенде ойнап жүрген 2014 жылғы және 2016 жылғы екі бала мұз жарылып кетіп, суға түсіп кеткен.

"Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды сұраймыз. Бүгінде өңірдің су арнасындағы мұз қалыңдығы адам салмағын көтере алмайды. Осыған байланысты алдын алу шараларын сақтап, қатпаған мұзға шықпауға кеңес береміз. Салқын суға түскен адам 10-15 минут ішінде тоңып, 20 минуттан кейін есінен танып қалуы мүмкін",- делінген ведомствода.

Балалардың денесін өзеннен туыстары шығарып алыпты.