Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

7 жыл полициядан жасырынған петропавлдық әйел қолға түсті

Әйелдің үйден қашып, ізін жасырғаны айтылды. 2013 жылы іздеу жарияланыпты. 

7 жыл полициядан жасырынған петропавлдық әйел қолға түсті
Фото: ашық дереккөз

Петропавл қаласының криминалдық полиция қызметкерлері 7 жыл бойы іздеуде жүрген 61 жастағы әйелді ұстады. Ол есірткі заттарын таратқаны үшін айыпталып отыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2012 жылы героин таратқан жергілікті тұрғын істі болған. Осы қылмысқа оның 61 жастағы анасының қатысы бар болып шығыпты. Алайда тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсіре алмаған. Әйелдің үйден қашып, ізін жасырғаны айтылды. 2013 жылы іздеу жарияланыпты. Жақында полиция бөліміне әйелдің Петропавл қаласындағы кентте жасырынып жүргені туралы ақпарат түскен. Тексеру кезінде ақпараттың шындыққа жанасатыны анықталды. Зейнеткер Жұмысшылар кентінің орталығында орналасқан жеке меншік үйлердің бірінде қолға түсті.

"Ол қылмыстық жауапкершіліктен жалтарамын деп, алдымен Қостанайдағы туған-туыстарына барған. Үш жылдан кейін Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентіне қайта келіп, туысының үйінде тұрады. Төрт жыл бойы ешқайда шықпаған", - дейді құқық қорғаушылар.  

Зейнеткер көптен бері үйден шықпағаннан әбден шаршаған. Сөйтіп, бір күні танысының үйіне барады. Алайда тәртіп сақшылары оны бірден ұстады. Қазіргі уақытта зейнеткер Уақытша ұстау изоляторына қамалып отыр. Осы жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің (1997 жылғы нұсқасы) 259-бабы, 4-бөлігі ("Есiрткi заттарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.