Қайғылы жағдай Қостанайдың оңтүстік-батыс бөлігіндегі "Береке" шағын ауданындағы құрылыс алаңында болған, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы жергілікті "Алау" басылымы жазды.
46 жастағы тас қалаушы жұмыстағы ауысымнан соң, жылжымалы баспалдақпен төмен түсіп келе жатып, 9-қабатта лифт шахтасына құлап кеткен. Қостанай облысының еңбек инспекциясы жөніндегі департаменті бұл фактіні растады,
— делінген жазбада.
Қазір департамент қызметкерлерінің айтуынша, өндірістегі адам өліміне әкеп соқтырған оқыс оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Ол аяқталғаннан кейін іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға жіберіледі.