Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Диагнозы дұрыс қойылмады: Алматыда сегіз айлық баласының өліміне ата-анасы дәрігерлерді кінәлайды

Алматыда ерлі-зайыптылар дәрігерлерді сегіз айлық ұлының өліміне кінәлайды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Диагнозы дұрыс қойылмады: Алматыда сегіз айлық баласының өліміне ата-анасы дәрігерлерді кінәлайды
фото: түсірілімнен скриншот

Ата-анасының айтуынша, сәбиге дұрыс диагноз қойылмаған. Әрі дәрігерлер тағайындаған дәрі-дәрмектерге байланысты баланың жағдайын нашарлап, жанама әсерлер пайда болды. Үш апта ішінде бала көз жұмды.

Сегіз айлық Рахимнің ата-анасы оны жоғалтып алғандарына сене алар емес. Олар сау баланы ауруханаға әкелгенімен, бір айдан кейін сүйегін алды. Қазан айының соңында баланың тістері жарылып шыққандықтан, анасы оны тексеруге әкелген.

“Тәжірибем болғандықтан, баланы қалай және немен емдеу керектігін білемін. Алғашында ештеңе байқалмады. Бірақ екінші тісі шыққанда, баламнан өт шықты. Сол кезде дабыл қағып, алаңдай бастадық”, – деді сәбидің анасы Камила Чайзат.

Сол күні олар жеке клиникалардың біріне жүгінді. Бастапқы диагноз – ішек инфекциясы. Сондықтан оларды екінші қалалық балалар клиникалық ауруханасына жіберген. Онда оған пневмония диагнозы қойылып, инфекциялық мекемеге жатқызылды.

“Мұның бәрі жұқпалы аурулар ауруханасында басталды. Қайта-қайта талдау анализдері тапсыртып, басқа КТ түсіртті, өкпе рентгені жасалды. Жұқпалы ауруханада пневмониядан басқа плеврит, бронхит анықталды. Бірақ ондай белгілер байқалмаған еді”, – деді Ришаттың әкесі Дамир Чайзат.

Баланың әкесі айтқандай, дәрілердің кесірінен Рахимде құрысулар, ұйқышылдық, қатып қалу және жарыққа тітіркену пайда болды. Баланың халі мүшкіл екенін түсінген ата-анасы оны екінші клиникалық ауруханаға апарды. Онда нәресте шұғыл түрде реанимацияға жатқызылды.

“Балаға жұлын пункциясын жүргізу қажет болды. Ата-аналар бұған қарсылық танытып, бұл тексеруден үзілді-кесілді бас тартты. Бала қаза тапқан күні әкесі ауруханаға ешқандай шағым жоқ екенін жазды”, – деді №2 МКҚК бас дәрігері орынбасарының м.а. Әсел Төлендиева.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, әкесі бес күннен кейін ғана қажетті шараны жасауға рұқсатын берді. Алайда ол кезде комада болды.