Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

"Қарапайым халыққа 200 мың": Назарбаевқа ода арнаған Балтабек "ставкасын" айтты

Назарбаев пен Тоқаевқа өлең арнаудан жалықпайтын атышулы ақын Балтабек әр шығарған өлеңіне қанша сұрайтынын жария етті, деп жазады paryz.kz тілшісі.

"Қарапайым халыққа 200 мың": Назарбаевқа ода арнаған Балтабек "ставкасын" айтты
Фото: ашық дереккөз

"Маған арнап өлең шығарасың ба?" деп жекеме хабарласушылар өте көп. Бірден айтайын, 5 шумақ өлең бағасы 200000 тг. Бұл тек қарапайым халық үшін ғана. Биліктегілерге басқа баға. Жаңа жылдан бастап баға өзгереді. 5 шумақ 1000000 тг болады. Еліміз аман болсын! Бір нәрсені айтуды ұмытып барады екенмін.

Менің арнайтын өлеңімнің үлкен емдік қасиет-қуаты бар, жарқырайсыз, тазарасыз. Жолыңыз ашылады. Бірақ ақша төлейтін кезде, бүріспей-тырыспай, шын көңілмен берген абзал. Себебі басқалай жағдайда кері әсері болуы мүмкін. Солай", - деп жазды Балтабек ақын өзінің фейсбук парақшасында.