Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Елімізде жыл басынан бері 93 адам пойыз астына түскен

Қазақстанда жыл басынан бері 93 адам пойыз астына түскен, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Елімізде жыл басынан бері 93 адам пойыз астына түскен
фото: ашық дереккөзден

16 желтоқсанда Түркістан облысы Манкент станциясында жүк пойызы теміржолда белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған қызды жанай қағып кетті. Машинист шұғыл тежеу қолданып, дыбыстық сигналдар бергенімен, басына капюшон мен құлаққап киіп алған қыз бала сигналдарды естімеген. Ол Сайрам ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов мәлімдеді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 344-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жыл басынан бері теміржол төсемін белгіленбеген жерлерден өткені үшін көлік полицейлері 25 403 азаматты анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ пойыздардың шұғыл тежелуінің 2162 фактісі тіркелді, оның ішінде теміржолда адамдардың болуы себебінен – 365, үй жануарларының болуына байланысты 1537 дерек анықталған.

Мадияр Айтуғановтың айтуынша, жыл басынан бері жылжымалы құрамның астына 93 азамат түскен болса, оның 61-і өліммен аяқталған, 12 факті бойынша балалар зардап шеккен, өкінішке орай оның 8-і көз жұмды. Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері – азаматтардың көлік инфрақұрылымы объектілеріндегі қауіпсіздік ережелерін бұзуы және өздерінің жеке қауіпсіздіктеріне немқұрайлы қарауы.

Вагондар арасынан өтуге, темір жолдан өту кезінде шпалдардың шеттерімен, теміржол жолдарының арасымен жүруге, сондай-ақ қауіпті аймақтан өтерде құлаққаптар мен телефондарды пайдалануға болмайды.