21.12.2022, 15:25

Екі алматылық қыз қалта ұрлығымен айналысқан

Фото: Polisia.kz

Бұл туралы ІІМ ақпарат агенттігі хабарлады, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

 Ауданымыздағы базарлардың бірінде қалта ұрлығын жасаған 28 жастағы Ф.есімді азаматша және 25 жастағы Б.есімді азаматша ұсталды. Олар жас қыздың қалтасынан iPhone 13 ұялы телефонын шығарып алған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Тергеудің осы кезеңінде олардың қалта ұрлығының екі дерегіне қатыстылығы анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілердің жеке басы қаланың басқа да аудандарында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр. Сонымен қатар қаланың бейнебақылау жүйелерінің мүмкіндіктері белсенді түрде пайдаланылып жатыр, – дейді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.