Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Жамбыл облысында есірткі саудасымен айналысқан екі тұрғын ұсталды

Жамбыл облысында есірткі саудасымен айналысқан екі тұрғын ұсталды, – деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында есірткі саудасымен айналысқан екі тұрғын ұсталды
фото: narkologi-na-dom.ru

2022 жылдың 16 желтоқсанында Шу қаласының маңындағы құмды аумақта орналасқан Бетқара шаруа қожалығында 38 және 27 жастағы жергілікті тұрғындар ұсталды. Жедел іс-шараларды Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп өткізді.

Шаруа қожалығының аумағында тінту жүргізу барысында сарайдан жалпы салмағы 73 келі 120 грамм кептірілген марихуана және салмағы 570 грамм гашиш есірткі заты бар 8 полипропилен қабы мен полиэтилен пакеті табылып, тәркіленді. Ұсталғандар өз кінәсін толық мойындады. Олар Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Айта кету керек, ұсталған 38 жастағы азамат бұрын бірнеше рет сотты болған.

 Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл бапта мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, – деді Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.