Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Астанада мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған ер адам сотталды

Елордада терроризм актісіне дайындалып, билікті басып алмақ болған тұрғынға қатысты Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімі заңды күшіне енді, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Астанада мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған ер адам сотталды
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Сот оның терроризм актісіне дайындалу, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды даярлау, сонымен қатар терроризмді, билікті басып алу және ұстап тұруды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау фактілері бойынша кінәсін дәлелді.

Ол 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.