Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Түрмедегілер Абай өлеңдерін жаттап, біраз "ақша істеп" алды

Қаржылай ұтыстары олардың жеке есепшоттарына аударылатын болады.

Түрмедегілер Абай өлеңдерін жаттап, біраз "ақша істеп" алды
фото: дереккөз

Түркістан облысының Қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде Абай еңбектерін жатқа айтқан сотталғандар қаржылай сертификатқа ие болды, деп хабарлады paryz.kz, aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай темір торға қамалғандар арасында кемеңгердің еңбектерін дәріптеуге арналған байқау өткізілді. Іс-шараға ұлы ақынның өмірбаяны мен шығармаларын жатқа білетін 16 сотталған қатысыпты.

"Бұл іс-шараның мақсаты – сотталғандарды ұлы ойшылдың шығармашылығымен және өмірбаянымен таныстыру. Абай туралы қарапайым түсінік беріп қана қоймай, оны ата-бабалар мұрасы ретінде тануға, құрметтеуге, түсінуге үйрету. Абай өлеңдері еңбекке, ғылым, өнер үйренуге, адамгершілікке тәрбиелейді. Сол себепті, оның шығармалары мен қара сөздерін сотталғандардың жатқа айтуы олардың түзелуіне үлкен септігін тигізетіні анық", – дейді ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Айдар Нұрсейітов.

Абайдың өмірбаяны мен қара сөздерін жатқа айтып, қойылған сұрақтарға толық жауап берген сотталушы Манат Смановты қазылар алқасы үздік деп танып, оған 60 мың теңгелік сертификат табыстады. 2-орынды екі сотталған бөлісіп, әрқайсысына 50 мың теңгелік сертификат ұсынылды. 3-орынға 3 сотталған лайықты деп танылып, олардың әрқайсысы 30 мың теңгелік сертификатқа ие болды. Қаржылай ұтыстары олардың жеке есепшоттарына аударылатын болады. Ал өзге қатысушыларға заттай кәдесыйлар таратылды.