Екі апта бұрын Маңғыстау облысында жоғалып кеткен 18 жастағы Асқар Қылышбеков өзі байланысқа шықты, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
2 желтоқсанда Шетпе ауылында жігіт үйінен шығып, белгісіз бағытта кетіп, хабар-ошарсыз кетті. Құқық қорғау органдары мен Lider.kz еріктілер қозғалысының белсенділері жігітті іздеді.
18 күн өткен соң, жігіттің өзі байланысқа шығып, аман-есен екенін айтты. Тіпті бейнехабарлама жолдаған.
Асқардың отбасында жанжал болғаны белгілі болды. Сол себепті ол үйден кетіп, Алматыға жол тартты.