Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Павлодарда топтасып қыз зорлаған төрт тұрғын сотталды

Павлодарда топтасып қыз зорлаған төрт тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушылардың үшеуі өз кінәсін мойындамаған, ал біреуі кінәсін жартылай мойындады, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.

Павлодарда топтасып қыз зорлаған төрт тұрғын сотталды
фото: ашық дереккөзден

Зорлау дерегіне қатысты сот үкімі №2 қалалық сотында шығарылды, дегенмен отырыс жабық өткендіктен істің мән-жайы белгісіз. Айыпталушылардың екеуі 31 жаста, өзге екеуі 30 жаста.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, прокурор күдіктілердің бірін 11 жыл 6 айға, екеуін 11 жылға, тағы біреуін 9 жылға соттауды сұраған. Ал зардап шеккен қыз бен оның қорғаушысы үшеуіне ең қатаң жаза тағайындауды талап етсе, соңғысы кінәсін жартылай мойындағандықтан кешірген. 

Сотта алдын ала келісім бойынша адам зорлағаны үшін 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салып өтті. Сотталушылардың бірінің баласы болуы, екіншісі өз кінәсін мойындауы жазаны жеңілдететін дерек ретінде қарастырылды. Ал тұрғындардың мас болуы жазаны қатаңдататын дерек ретінде қаралды. 

"Қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін және сотталушылардың жеке басын ескере отырып, сот А.А.-ны тоғыз жыл бір айға, И.М., Г.Э. және М.Д.-ға тоғыз жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды", – деді №2 соттың баспасөз қызметі өкілдері.