Ақтөбеде қораптан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды

Ақтөбеде көпқабатты үйдің жанынан қорапқа салынған сәбидің мәйіті табылды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Ақтөбеде қораптан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды
фото: ngs.ru

Ғ.Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған баланың мәйіті табылғаны туралы ақпарат полицияға 19 желтоқсан күні сағат 22:05-те келіп түскен. 

Осы факті бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, жаңа туған ер баланың мәйітін анықтады. Қылмыстық кодекстің 100-бабы "Ананың жаңа туған баланы өлтіруі" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – делінген хабарламада. 

Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ананың жеке басын анықтау үшін жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.