Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Атырауда адам қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Атырауда жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырауда адам қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды
фото: Polisia.kz

19 желтоқсан сағат 21:50 шамасында Әуезов көшесінде 48 жастағы ер адамды көлік қағып кеткен. Жүргізуші оқиға орнынан бойтасалаған.

Ал жаяу жүргінші алған дене жарақаттарының салдарынан  оқиға орнында қаза тапқан.

«Атырау қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Стаханов көшесінде орналасқан гараждардың арасынан Mercedes Benz көлігін анықтады. 34 жастағы азаматтың көлікті мас күйде басқарғаны белгілі болды. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігімен және 347-бабымен Атырау қалалық Полиция басқармасының №1 полиция бөлімінде қылмыстық іс тіркеліп, жедел тергеу тобымен тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.