Қазақстанның белгілі имамы Нұрлан Байжігітов қыз-келіншектерге шугаринг жасатудың ауыр күнә екенін мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі kyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, белгілі бір жағдайларда ғана өзгенің көмегіне жүгінуге болады. Одан басқа кезде біреуге әуретін ашу – ауыр күнә.
«Шугаринг жасау – күнә. Оны жасайтын мастер айел адам болса да болмайды. Өйткені шариғатымызда адам адамға көрінудің бес түрі бар. Соның бірі – әурет жері, негізгісі. Cебепсізден себепсіз әурет жерлерін ашып көрсете беру – күнә. Тек қана ауру болса, қолы жетпесе, басқа жағдай болса, сол кезде ғана басқа адамға жүгінуге болады. Әйелі жоқ болса, күйеуі жоқ болса. Басқа уақытта бір-бірінің әуретін ашу, бұл – ауыр күнәға бату. Керек десеңіз, өлген адамның әуретін жуған адам жауып қояды. Жуған кезде қарамай, қолына қалың перчатка киіп алып жуады», — дейді имам.