Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

"Ауызға түкіргіш" Төреғали өз ұлының аузына Бекболат Тілеуханға түкіртті (ВИДЕО)

"Алла сәтін салып, бұл кісілердің алдын көріп, алқасында болдық", - дейді әнші.

"Ауызға түкіргіш" Төреғали өз ұлының аузына Бекболат Тілеуханға түкіртті (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Әнші Төреғали Төреәлі ұлының Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабекке ұқсағанын қалап, пандемия кезінде оған бата беріп, аузына түкіруді сұраған. Бұл туралы әншінің өзі Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлады paryz.kz.

"Бұл мен үшін және менің ұлым Төренұр үшін керемет тарихи күн болды", - деп отыр ол.

Айтуынша, өзі Алматыға келгенде Бекболат Тілеухан мен Мұхаммеджан Тазабектің "қамқорлығына" алынған екен.

"Алла сәтін салып, бұл кісілердің алдын көріп, алқасында болдық. Талай шалалық, шалығымызға көз жұма қарап, тек қолдау жасаумен келеді... Менің руымды, туған жерімді, айналамды сұрап жатпай-ақ, бала күннен бауырға басты", - дейді Төреғали Төреәлі.

Сонымен, ол Бекболат Тілеуханның Алматыда екенін естіген соң Мұхамеджан Тазабекке хабарласып, баласының аузына түкіртіп, батасын алып қайтуға бел буған.

"Алла біздің жаманға да осындай ұлтын ойлап, жұртын жақсылыққа шақырып жүретін ардақты ағалардың жолын нәсіп етсін! Сіздер әумин деп отырыңыздар, ағайын" деп жазды әнші.

Ал оның желіге жариялаған видеосынан Мұхамеджан Тазабектің де қолын жайып, бата беріп отырғанын көруге болады. Бәрі де арақашықтық пен маска тағу режимін сақтамаған. Сондай-ақ, "Құр қолға бата жүрмейді" деген тәмсілді ескерсе керек, әншінің жары "бір кемедегі" батагөй ағаларына пакетпен әлдебір сыйлық ұсынуда.