Астанада 8 жасар баланы көлiк қағып кетті

Астанада көлік жүргізушісі 8 жасар баланы қағып кетті. Тұрғындар оқиға болған жолды жауып тастаған, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Астанада 8 жасар баланы көлiк қағып кетті
Фото: Polisia.kz

19 желтоқсан күні сағат 17:50 шамасында "Toyota Highlander" автокөлігінің жүргізушісі Бұқар жырау көшесімен келе жатып, жолдың жүру бөлігін бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. 

Жол апаты салдарынан 8 жасар бала қалалық ауруханаға жеткізілді, дәрігер тексерісінен кейін үйіне жіберілді. Аталған факті бойынша анықтау шаралары жүргізілуде. 

Оқиғадан кейін жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жолда жарықтандырудың болмауына байланысты жолды жауып тастады. Жиналғандармен әңгіме жүргізілді. Аталған учаскені жарықтандыру бойынша жол жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы ақпарат жергілікті атқарушы органға жіберілді.