Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Қызылордада 17 жастағы жігіт көпірден секіріп кетті

Қызылордада 17 жастағы жігіт көпірден секіріп кетті. Оқиға Сырдария өзенінің үстіне салынған көпірде орын алған, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Қызылордада 17 жастағы жігіт көпірден секіріп кетті
Фото: Астана арнасы

Түн жарымында жігіт өткелден секіріп, мұздың үстіне түскен. Өкінішке орай, ол оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

“Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлігімен, яғни өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегімен сотқа дейінгі тергеп, тексеру амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда”, – дейді қалалық полиция басқармасының өкілдері.