Қарағандыда теміржол вокзалының алдында бұзақылық жасаған 17 адам ұсталды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 19 желтоқсан күні сағат 13:00 шамасында Қарағандыдағы теміржол вокзалының алдында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және «Арлан» арнайы мақсаттағы қызметкерлері қала тұрғындары тарапынан жасалған бұзақылық әрекеттердің жолын кескен.
Нәтижесінде 17 адам ұсталды. Оларды ұстау кезінде күдіктілердің бірі оқиға орнынан қашпақ болып қызметтік көлікті соғып кетті. Сондай-ақ ұсталғандардың бірінен қару тәркіленді.
Күдіктілер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полицияға жеткізілді.