Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Астаналық жігіт енесімен жанжалдасып, қамауға алынды

Ер адам алкоголь ішіп, әйелмен жанжалдасып, психологиялық зорлық-зомбылық жасаған.

Астаналық жігіт енесімен жанжалдасып, қамауға алынды
Фото: ашық дереккөз

Елордада енесімен жанжалдасқаны үшін ер адам қамауға алынды, деп хабарлады paryz.kz, қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары анықтағандай, ер адам үнемі алкоголь ішіп, отбасында ұрыс шығарады. Осы жолы ол 65 жастағы кейуанаға тап берген.

"102" арнасына қарт әйелден күйеу баласы жанжал шығарды деген хабар келіп түсті. Бір жыл ішінде учаскелік полиция инспекторы 41 жастағы жігітті бірнеше рет әкімшілік жазаға тартқан", - делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, ер адам алкоголь ішіп, әйелмен жанжалдасып, психологиялық зорлық-зомбылық жасаған.

"Кезекті жанжалдан кейін учаскелік полиция инспекторы маскүнемге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы, 2-бөлігі ("Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқару құжатын орындамау") бойынша әкімшілік іс қозғады. Мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам үш тәулікке қамауға алынып, әкімшілік қамауға алынғандар үшін арнайы қабылдау орнына орналастырылды", - деді құқық қорғау органының өкілі.