Оралда жантүршігерлік жол апатынан үш адам ауруханаға түсті

Оралда екі автокөлік соқтығысты. Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 19 желтоқсанға қараған түні Абай даңғылында болды деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Оралда жантүршігерлік жол апатынан үш адам ауруханаға түсті
фото: ашық дереккөзден

29 жастағы жүргізуші WV Polo автокөлігімен жол апатына түсті. Ол 2004 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан Toyota Camry автокөлігімен соқтығысты. Жарақат алған WV Polo жүргізушісі облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Жағдайы ауыр. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем сағат 00:17-де шақыртылды. Алдын ала мәлімет бойынша, 29 жастағы жігіт бас пен мидың жабық жарақатын алып, сол жақ самай сүйегі сынған.

Бірінші дәрежелі травматикалық шок алған ол жансақтау бөлімінде жатыр.

2003 және 2004 жылғы жігіттер бас пен мидың жабық жарақатын алған. Барлығы да облыстық көпбейінді ауруханаға түскен.