19.12.2022, 15:45

Жетісу облысында көлік өртеніп, 1 адам зардап шекті

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Талдықорған қаласында үйдің аумағында көлік өртеніп, салдарынан 64 жастағы ер адам күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 18 желтоқсанда Талдықорған қаласында саяжай үйінің аумағындағы 7 шаршы метр алаңда «Фольксваген Транспортер» маркалы автокөлігі және 70 шаршы метр алаңда шатыр өртеніп, салдарынан үйдің 1958 жылы туған иесі 1-2 дәрежелі бет пен жеңіл дәрежелі қол күйігі жарақатын алып, қалалық көпсалалы ауруханаға жатқызылды.

Өртке Жетісу облысының ТЖД жеке құрамынан 15 адам және 4 техника шықты.

Жалын 08:50-де жойылды. Өрттің алдын-ала себебі – қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Жетісу облысының ТЖД автокөліктегі өрт қауіпсіздігін сақтауды еске салады.