"12 желтоқсан күні Махамбет ауданы Бейбарыс ауылында орналасқан шаруа қожалығында Атырау облысы Полиция департаменті ҰҚҚІҚБ және ЕҚҚБ қызметкерлері құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысқан 36 жастағы ер адамды анықтады", - ведомство таратқан хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, полицейлер екі пакетке оралған 7 қарасора бұтасы мен 4 келі марихуананы тәркіледі.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.