Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шығыс Қазақстанда 39 шетелдік жауапқа тартылды

ШҚО-да үш күн ішінде 40-қа жуық шетелдік жауапқа тартылып, екеуі елден шеттетілді, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Шығыс Қазақстанда 39 шетелдік жауапқа тартылды
фото: ашық дереккөзден

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көші-қон қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері облыс аумағында уақытша және тұрақты тұратын шетел азаматтарының тіркелген мекенжайларын, сондай-ақ қабылдаушы тұлғалардың оларға шетелден қонақтар келгені туралы уақытылы хабарламаларының болуын тексеру бойынша жұмыстар жүргізген.

Үш күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін тәртіп сақшылары 98 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Олардың 39-ы – шетел азаматы. Сондай-ақ олардың екеуі Қазақстан аумағынан тыс жерлерге шығарылды, – делінген ШҚО ПД көші-қон қызметінің хабарламасында.

Ведомство өкілдері қабылдаушы жеке және заңды тұлғаларға 3 күн ішінде көші-қон қызметіне оларға шетелдік азаматтардың келгені туралы хабардар етуге міндетті екенін ескертеді. Уақытылы хабарламаған жағдайда қабылдаушы тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.