Оқиға орнына полиция келген кезде қазақстандық жігіт қашып кеткен. Жедел іздестіру барысында полиция қызметкерлері отандасымызды ұстады. Кәріс қызына қырындаған жігіт уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды - дейді блогер.
Блогердің айтуынша, Оңтүстік Кореяға табыс табуға барған жігіт ондағы заңның осыншама қатал екенін білмеген.
Мен үлкен қателік жасадым. Қыздан кешірім де сұрадым. Кореяның заңы осыншама қатал екенін, бір ғана қолынан сүйгенім үшін қамауға алынатынымды білген жоқпын. Басқа жігіттерге айтарсыз, олар мен жасаған қателікті қайталамаса екен - дейді қамауға алынған жігіт.