Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Корей қызының қолынан сүйген қазақ жігіті қамауға алынды

Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге барған қазақ жігіті корей қызына қырындап, қолын сүйгені үшін бір жылға сотталуы мүмкін. 

Бұл туралы Оңтүстік Кореядағы блогер Самат Ахметов Instagram-дағы парақшасында жазды, деп мәлі дейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Корей қызының қолынан сүйген қазақ жігіті қамауға алынды
фото: әлеуметтік желіден

Оқиға орнына полиция келген кезде қазақстандық жігіт қашып кеткен. Жедел іздестіру барысында полиция қызметкерлері отандасымызды ұстады. Кәріс қызына қырындаған жігіт уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды - дейді блогер. 

Блогердің айтуынша, Оңтүстік Кореяға табыс табуға барған жігіт ондағы заңның осыншама қатал екенін білмеген.

Мен үлкен қателік жасадым. Қыздан кешірім де сұрадым. Кореяның заңы осыншама қатал екенін, бір ғана қолынан сүйгенім үшін қамауға алынатынымды білген жоқпын. Басқа жігіттерге айтарсыз, олар мен жасаған қателікті қайталамаса екен - дейді қамауға алынған жігіт.