Ақтөбе сотында күйеуін қорғамақ болған әйелдің өзі темір торға тоғытылды

Ақтөбе тұрғыны екі егде әйелге шабуыл жасап, зейнетақысын тартып алған. Ер адам 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Ақтөбе сотында күйеуін қорғамақ болған әйелдің өзі темір торға тоғытылды
Фото: ашық дереккөзден

24 жастағы ақтөбелік азамат әйелінің екі қарт туысына шабуыл жасауды ұйғарған, осылайша, олардың үйлеріне пошташы қай күні зейнетақы әкелетінін анықтаған.

Ол әйеліне жоспарлары туралы айтпаған, жай ғана 90 және 69 жастағы екі зейнеткер тұратын үйдің кіреберісінде күтуді өтінген. Кіреберіске кіріп, медициналық маска киіп, есікті қақққан. Сосын ішке кіріп, әжейдің бетінен жұдырықпен ұрған, ол құлап, есінен танған. Қылмыскер екінші әженің бетінен де екі рет жұдырықпен ұрған. Кейінірек, сараптама нәтижесіне сәйкес, қарақшының соққысынан зардап шеккендердің миы шайқалған, жабық бассүйек-ми жарақатын алған. Ер адам үйден 267 мың теңге алып кеткен – бұл әжейлердің зейнетақысы екен.

Біраз уақыттан кейін шабуыл жасаған адам ұсталды. Сотта ол жәбірленушілердің үйіне ешқашан бармағанын, зейнеткерлер шабуыл жасалған күні әйелі екеуі әжесіне қонаққа барғанын, ол жерден ешқайда шықпағанын айтты. Сондай-ақ, ер кісі сотқа дейінгі тергеу кезінде өзіне қысым жасалып, әйелімен бірге түрмеге қамап, бір жасар ұлын алып кетеміз деп қорқытқанын айтып шағымданған. Сот сотталушының кінәсін анықтап, оны 8 жылға бас бостандығынан айырды, облыстық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктінің әйелі де шабуыл жасауға қатысы барын дәлелдейтін айғақтар келтірген. Бірақ әйел де сотта күйеуімен әжесіне барғанын және жолдасының ешқайда кетпегенін айтты. Сот күйеуін қылмыстық жауапкершіліктен алшақтату мақсатында әйелдің жалған айғақ бергенін анықтады. Нәтижесінде оның үстінен "Жалған айғақ беру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, күйеуіне көмектескісі келгенін, оның салдарын түсінбегенін айтты. Сот оны күйеуінің пайдасына сотта өтірік айтқаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырды. Кішкентай ұлын тәрбиелеп отырғаны үшін жаза 3 жыл кейінге қалдырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.