Алматыда алаяқтық қылмысының екі дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды

Бірінші жағдайда күдікті курьер болып жұмыс істеймін деген желеумен танысынан мопедін жалға беруін сұраған, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Алматыда алаяқтық қылмысының екі дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Алайда екі доңғалақты көлікті алған бойда оны бірден 125 мың теңгеге сатып жіберген, деп жазады Polisia.kz. 

Қылмыстық эпизодтар мұнымен біткен жоқ: бірнеше күннен кейін күдікті тесттен өту үшін басқа танысынан телефонын бере тұруын сұраған, бірақ ол алған телефонын жеке пайдалану үшін өзіне қалдырған. Екі қылмысты жасағаннан кейін күдікті байланысқа шықпады. Қазір ол ұсталды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыс бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу барысында ұсталған адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.