Көкшетау тұрғыны 22 жастағы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеген

Енді қала тұрғыны 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Көкшетау тұрғыны 22 жастағы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеген
Фото: ашық дереккөз

Көкшетаудың 24 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады paryz.kz, polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрғын қызды мәжбүрлеп, жеңіл жолмен ақша тапқысы келген.

"Ұсталған адам 22 жастағы қыздың тәуелді материалдық жағдайын пайдаланып, оны интимдік қызмет көрсетуге мәжбүрлеген", - делінген полицияның хабарламасында.

Күдіктіге қатысты "Жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу" бабы бойынша іс қозғалды. Полицияның дерегінше, 24 жастағы азамат өз кінәсын мойындаған. Одан бөлек, куәгерлердің де жауаптары бар. Енді қала тұрғыны 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.