Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Атырауда 7 тонна балық тиелген кеме мұз құрсауында қалды

Атырауда балық тиеген кеме мұз құрсауында қалды, – деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі. Құрманғазы ауданынан шығып, Атырауға бет алған кеме 27 қараша күні Жайық өзенінде судың таяздығынан тоқтап қалған. «Хабар24» арнасының мәліметінше, енді аяз күшейгенде кемеге мұз қатып қалған.

Атырауда 7 тонна балық тиелген кеме мұз құрсауында қалды
фото: Видеодан скриншот

Кеме мен балық облыстағы балықшы кооперативтердің біріне тиесілі. Олар 7 тонна балық пен бағасы 500 мың АҚШ доллары тұратын кемені вахталық әдіспен күзетіп тұр. Кеме қайырлаған аумақта судың тереңдігі 1 метрге жетпейді. Сондықтан балық иелері үшін көктемді күтуден басқа амал жоқ.

Кеме капитаны Иван Павлович: «Кемені мұз құрсауы қыспау үшін күн сайын таңертең мұз оямыз. Мұз қысса кеменің корпусын жарып жібереді. Сондықтан  күнде ойып тұрамыз. Күн сайын таңертең, кей кезде 5 сантиметр қалың болып қалады түнімен. Бүгін 3 сантиметр болды. Аяздың беті қайтты», – дейді.