Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Түркістан облысында 11 млн теңгенің малын сатып жіберген бақташы ұсталды

Ордабасы полициясына жергілікті тұрғын арызданып, отар қойының ішінен 221 бас қой мен 3 бас сиырдың жоғалғанын хабарлайды. Жәбірленушінің айтуынша, осы жылдың тамыз айында ол малдарын жергілікті тұрғынға бағуға сеніп тапсырған, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Түркістан облысында 11 млн теңгенің малын сатып жіберген бақташы ұсталды
фото: ашық дереккөзден

Алайда 3 айдан соң малдарын санағанда бір бөлігі жоқ болып шыққан.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша тіркелді.  

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері мал ұрлығына қатысы бар бақташыны, яғни бұрын сотты болған Ордабасы ауданының тұрғынын құрықтады. 

Анықталғандай, күдікті ер адам малдардың көп бөлігін иемденіп, сатып, ал ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Жалпы, жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 11 миллион теңгеден асты, деп жазады Polisia.kz. 

Қазіргі уақытта бөтен мүлікті иемдену және ысырап ету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтауда.