Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Биыл мамандар Қазақстанда 85,2 млн шабақты құтқарып қалған

Ихтиологтардың мәліметтері бойынша, Қазақстанда балықтың 100-ден астам түрі мекендейді.

Биыл мамандар Қазақстанда 85,2 млн шабақты құтқарып қалған
Фото: ашық дереккөз

Жыл басынан бері Қазақстандағы су айдындарында 85,2 млн шабақ құтқарылды, деп хабарлады paryz.kz, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың басынан бастап су қоймаларынан, сондай-ақ еліміздің күріш алқаптарынан қырылу қаупі бар 85,2 млн шабақ құтқарылды. Бұл жұмысқа балық шаруашылығы, күріш өсіретін ұйымдардың өкілдері және еріктілер қатысты. Нәтижесінде Атырау облысында - 56,7 млн, Түркістан облысында - 10,3 млн, Қызылорда облысында - 8,3 млн, басқа өңірлерде 9,9 млн шабақ құтқарылды.

Құтқарылған балықтың ішінде сазан, ақмарқа, мөңке, осман, көксерке, алабұға, шортан, тұқы, табан, торта, оңғақ бар. Балық ресурсын сақтау бойынша іс-шараларды өткізуге 851 адам және 153 техника жұмылдырылған.

Ихтиологтардың мәліметтері бойынша, Қазақстанда балықтың 100-ден астам түрі мекендейді. Олардың 70-і өнеркәсіптік құндылыққа ие, 18 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.