Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

ҚТЖ басшыларының біріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

«Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының Ақтөбедегі филиал басшыларының біріне қатысты қылмыстық іс қозғалды деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

ҚТЖ басшыларының біріне қатысты қылмыстық іс қозғалды
фото: ашық дереккөзден

Сондай-ақ тағы бірқатар бөлімше қызметкерлері де тергеліп жатыр. Барлығы бірнеше рет пара алу және беру бойынша күдікке іліккен. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департамент қызметкерлері хабарлады. Заңсыздық ұлттық оператордың қызметіне сыртқы талдау жүргізу барысында анықталған. Ал темір жол көлігі саласындағы компания өкілдеріне тергеу изоляторына экскурсия өткізілді.

«Ақтөбе өңірінде өткізіліп жатқан бұл бірінші шара емес. Бұның алдында өткізілген, яғни бюджет қызметкерлерін, мемлекеттік қызметшілерін, осы тергеу изоляторына апарып, көрсету мақсатында. Бұл көрсетуіміз біреуді қорқыту мақсатында емес, тек қана алдын алу мақсатында жүзеге асырылады, – деді облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басқарма басшысының орынбасары Баянбек Шүйіншібаев.