Қызылорда облысында үш көлік бірдей жол апатына ұшырап, төрт адам қаза тапты

Қызылорда облысында Қызылорда –Теренөзек тас жолында жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам қаза тапты, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Қызылорда облысында үш көлік бірдей жол апатына ұшырап, төрт адам қаза тапты
фото: Polisia.kz

Polisia.kz хабарлауынша 14 желтоқсанда Қызылорда облысының  Теренөзек-Қызылорда тас жолының  60/31 шақырымында КамАЗ бен жанар-жағармай тасушы көліктері соқтығысқан кезде ішінде бес адамы бар тағы бір  жеңіл көлік зардап шеккен. Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тірі қалған біреуі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеліп соғуы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері қолға алады.

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталу үстінде.