Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

8-сыныпта бала босанған: 15 жасында ана танған қыз күйеуіне қарсы шағымданды

Бұл туралы Paryz.kz ақпараттық агенттігі Koremiz ток шоуының желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

8-сыныпта бала босанған: 15 жасында ана танған қыз күйеуіне қарсы шағымданды
фото: Koremiz

15 жасында ана атанған қыз ұлының әкесі 17 жастағы колледж студенті екенін айтқан. Екі жас шаңырақ көтереді. Алайда, жас ана 18-ге толғанда ата-енесі ДНҚ тестін жасатып, бала немерелері болмай шыққан. Ал, тесттің бұл қорытындысын қыздың өзі мен ата-аналары жоққа шығарып отыр.

"Қызымның жүкті екенін 8-сынып оқып жүргенінде білдім. Қызымды Рахымжан сабапты. Ауруханаға барғанда қызымның жүкті екенін білдік. Ол кезде 2 айлық болып қалыпты. Қызым аяғы ауыр екенін білмей жүрген. Асқазаным ауырды деп жүрген. Қызым баланың әкесі Рахымжан екенін айтты. Арыз жаздым. Бірақ, қызым "жақсы көремін" деген соң кешірім бердім. Қазір кешірім бергенім үшін өкінемін", - дейді 15 жасында бала босанған Перизаттың анасы.

Және Перизаттың анасы Рахымжанның отбасы басында қабылдағысы келмей, кейіннен келін қылып түсіргенін айтады. Енді, арада 3 жыл өткен соң дау туындаған. 

"Келініміз үй алып бер деп шықты. Содан немерем үшін деп алып беруді ұйғарды. Дегенімен, аздап күмәніміз болды. ДНҚ тестін тапсырдық. Әкесі болмай шықты", - дейді Рахымжанның ата-анасы.

Ал, Перизат үйден кетіп, арыз жазған екен. 

Осы іске байланысты Полиция департаменті: "Арал қаласының тұрғыны Р есімді азаматтың 16 жасқа толмаған 15.04.2004 жылы туылған Манарбаева Перизатпен жыныстық қатынасқа түсу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабының 1-бөлімімен яғни 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қарым-қатынас немесе сексуалдық сипатта өзге де іс-әрекеттер жасау фактісімен қылмыстық іс қозғалған болатын. Бұл қылмыстық іс бойынша тиісті тексеру амалдары жүргізілді. Нәтижесінде 19 қазан 2019 жыл бұл қылмыстық іс бойынша қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 35-бабының 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес тоқтату туралы шешім қабылданды", - деп мәлімдеген.