Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Кәмелет жасына толмаған қызды зорлаған павлодарлыққа үкім шықты

Кәмелет жасына толмаған қызды зорлаған павлодарлық 15 жылға сотталды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Кәмелет жасына толмаған қызды зорлаған павлодарлыққа үкім шықты
фото: ашық дереккөзден

13 желтоқсан күні облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта кәмелет жасына толмаған қызды зорлады деп айыпталған павлодарлыққа үкім шықты. Жәбірленуші кәмелетке толмағандықтан сот отырысы жабық өтті.

Прокурор айыпталушыны 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші тарап мемлекеттік айыптаушыны толықтай қолдады. Алайда сотталушы кінәсін мойындамай, әрі өзін ақтауды сұрады. Бірақ оның кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен толықтай дәлелденді.

Қылмыс аса ауыр санатқа жататындықтан бұған заңда 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

«Осы талапты басшылыққа ала отырып, сот айыпталушыны 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейді. Сондай — ақ, ол өмір бойы педагогикалық және балалармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды», - делінген хабарламада. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.