Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

«Мойнына жіп салған»: Маңғыстаудағы жантүршігерлік жағдайға қатысты тың деректер шықты

Мұнайлы ауданы Атамекен ауылының 38 жастағы тұрғыны алдымен сегіз  жастағы, төрт жастағы және он айлық баласын асып, кейін өзі де мойнына жіп салған, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі KTK телеарнасына сілтеме жасап. 

«Мойнына жіп салған»: Маңғыстаудағы жантүршігерлік жағдайға қатысты тың деректер шықты
Фото: видеодан скриншот

Полицияның мәліметінше, күйеуі әйеліне өлетінін және өзімен бірге балаларын да ала кететін айтып аудио хабарлама қалдырыпты. Ал өздері пәтер жалдап тұрған.

Көршілерінің айтуынша, олар тек бір қысты өткізу үшін уақытша қоныстанған екен. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Жаннұр Таңатарова, Маңғыстау облысы ПД Ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі бастығының міндетін атқарушы:

- Оқиға отбасындағы жанжалдан орын алған. Бұл адамдардың ажырасқалы жатқаны белгілі болды. Ерлізайыпты екеуінің де тұрақты жұмыс орны болған. Бұл дерек ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының Пб СДТБТ-де тіркелді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.