2023 жылы запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады

Қорғаныс министрлігі «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулы әзірледі, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

2023 жылы запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
фото: ашық дереккөзден

Осы қаулыдағы қосымшаға сәйкес санда офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2023 жылы 24 ай мерзімге әскери қызметке шақырылсын, – делінген құжатта.

Қаулы жобасы «Ашық НҚА» бөліміндегі «Электрондық үкімет» порталында биыл 27 желтоқсанға дейін талқылауға шығарылды.