Белгілі әнші, Мәжілістің экс-депутаты, әнші Бекболат Тілеуханның желіде күй тартып отырған видеосы тарады. Ал көпшілік оның бет-әлпетін қызу талқылады, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Жыл басынан бері Түркияда тұратын Бекболат Тілеуханның сақалы мен шашы қатты өсіп, бет-әлпеті дұрыс көрінбей қалған.
"Биттеп кеткен шығар", "Енді сенімен қалай әңгімелесемін?", "Ұсқыны не болып кеткен?", "Маугли болыпты", "Жабайы адамдар сияқты", "Қатын ала бергенше шашын алмай ма?", "Шашын алуға ақша жинап берейік", "Шынайы келбеті осы ғой", "Келіспей тұр" — деген сарындағы пікірлер өте көп жазылған.