Алматыдағы көлік базарында Ravon Gentra өртеніп кетті

Алматыда 13 желтоқсанда "Жібек жолы" автобазарында Ravon Gentra көлігі өртеніп кетті, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Алматыдағы көлік базарында Ravon Gentra өртеніп кетті
фото: Zakon.kz
"Сағат 13:16-да полициядан ақпарат келіп түсті, көлік иесі өрт туралы акт алуды өтініп хабарласты. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жіберілді".Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Иесінің айтуынша, Ravon Gentra автокөлігінен өрт шыққан, ол өрт сөндіру шараларын өзі қабылдаған соң арнайы қызметке жүгінген. Өрт өздігінен сөнді.

Көліктегі өрт тез таралып, көлік екі-үш минуттың ішінде жанып кетті.