Қызылорда облысында жекеменшік балабақшада өрт шықты

Оқиға бүгін, 13 желтоқсанда сағат 10.00 шамасында Жаңақорған ауданындағы Жаңаарық ауылында болған. Елді мекендегі жекеменшік балабақша шатырының ағаш конструкциясынан өрт шыққан, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қызылорда облысында жекеменшік балабақшада өрт шықты
фото: ru.sputnik.kz

"Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін 25 бала мен 7 қызметкер қауіпсіз жерге шығып үлгерген. Сағат 10.29-да өрттің беті қайтарылып, сағат 10.37-да толық сөндірілген. Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінен 14 қызметкер 3 техникамен барды", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Ведомство мәліметінше, департамент мамандарынан өзге ерікті өрт сөндіру құрылымы, аудандық полиция бөлімінен мамандар жұмыс атқарды.

Еске сала кетсек, Қызылорда облысында кен орнында газға уланған екі күзетші көз жұмды.