Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Ресей ешкімге тізе бүкпеген, ешкім тізе бүктіре де алмайды": Ресейде қазақтарға ескерткіш тақта орнатылды

Бұл туралы Грамоты Ярослава Telegram арнасында айтылды деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

"Ресей ешкімге тізе бүкпеген, ешкім тізе бүктіре де алмайды": Ресейде қазақтарға ескерткіш тақта орнатылды
фото: Грамоты Ярослава

Ресей тарихынан белгілі, Ресейді ешкім тізе бүктірмеген, тізе бүктіре де алмайды. Осындай жігіттер барда, осы балаларды өсірген аналар барда солай болады. Рахмет - деді сөз алған аналардың бірі.

Негізінен дені қазақтар тұратын Астрахань облысының Володарский ауылында арнайы операцияда қаза тапқандарға әскери ескерткіш орнатылды. Ол жерге осы ауылдан Украина жеріне майданға бірге аттанған жігіттер Замир Дошанов, Нұрлан Қарасаев, Нұрлан Нұрғалиев және Дамир Айтқазиев жерленді. Бірге ант қабылдаған қазақ жігіттері бірге жер қойнына тапсырылды.

Дошанов Замирді бала кезден білемін. Өте пысық бала болатын. Ерте кеткені өкінішті. Бірақ ол батыр - дейді ұстазы Роза Баярстанова.

Еске салсақ, Ресей Украинаға қарсы арнайы операция (Өздерінің айтуы бойынша) өткізіп жатыр. Жақында елді жартылай мобилизация өткізілді. 300 мыңдай адам әскерге алынды. Аталған соғысқа Ресейде тұратын қазақар да көптеп қатысып жатыр.