Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

ҰҚК Алматыда ірі қару-жарақ арсеналын тәркіледі (ВИДЕО)

Ғимараттың периметрі қоршалмаған, қаруды сақтауға арналған үй-жайлар мақсатты пайдалануға арналмаған. Ғимаратты тек екі қызметкер күзеткен...

ҰҚК Алматыда ірі қару-жарақ арсеналын тәркіледі (ВИДЕО)
Фото: дереккөз

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы бойынша ҰҚКД, ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен және Алматы қалалық ПД-мен бірлесіп, заңсыз айналымнан "Күзет" МКК" АҚ қоймасында сақталған ірі қару-жарақ арсеналын тәркіледі, деп хабарлады paryz.kz

Бұл туралы Instagram-дағы Knbgovkz парақшасында жарияланды.

ҰҚК-нің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында "Күзет" МКК" АҚ қоймаларында азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау саласындағы заңнама талаптарын бұза отырып, ірі қару-жарақ арсеналы заңсыз сақталғаны туралы мәлімет алынды.

"Ғимараттың периметрі қоршалмаған, қаруды сақтауға арналған үй-жайлар мақсатты пайдалануға арналмаған. Ғимаратты тек екі қызметкер күзеткен. Террористік, экстремистік ұйымдар мен қылмыс өкілдеріне оны тиісінше сақтамау туралы ақпарат түскен. Электоралдық кезеңде қауіп-қатерге жол бермеген жағдайда қару арсеналын ұрлау ықтималдығын ескере отырып, алдын алу шаралары қабылданды", - делінген хабарламада.

Нәтижесінде, 254 тіркелмеген атыс қаруы мен 38 жарақат салатын қару, сондай-ақ, 4600 түрлі оқ-дәрілер табылып, тәркіленді. Аталған дерек ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу-жедел іс-шаралары жалғасуда.