Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Үй өртінен 1 жасар сәби тірідей жанып кетті: оқиға туралы тың дерек

Павлодарда өрттен қаза болған бір жасар балаға қатысты оқиғаның жай-жапсары айтылды деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Үй өртінен 1 жасар сәби тірідей жанып кетті: оқиға туралы тың дерек
фото: Tengrinews.kz

Қайғылы оқиға туралы Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, өрт кезінде қаза болған сәби, оның 14 жастағы әпкесі мен 5 жасар ағасы үйде жалғыз болған. Өрт олардың отқа абайсыз қарауынан шыққан. Оқиғаға қатысты соталды тергеу басталды.

«Балалар орындықтар мен креслолардан отыратын жер жасап, ішін қараңғылап, шырақ жаққан. Сосын үлкен бала шамды алып кетіп бара жатқанда шырақтың ұшқыны басқа бір жерге тиіп өрт тұтанған. Алайда балалар жалынды байқамай екінші қабатқа шығып ұйықтап қалған», – деп хабарлады Павлодар қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство басшысы өрттен балалардың үлкені оянғанын, бірақ бір жасар інісін таба алмағанын, кейін өздері көшеге жүгіріп шыққанын айтады. Ал кішкентай сәбидің бірінші қабатқа қалай түскенін ешкім білмейді.

«Өрттің шығуына балалардың отқа абайсыз қарауы себеп болды. Осы факт бойынша 292-бап «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп атап өтті Павлодар қалалық ТЖД-нің өкілі.

Еске салайық, Павлодарда жеке үйден шыққан өрттен бір жасар сәби тірідей өртеніп кеткен болатын.

Өрт туралы хабарлама «101» пультіне 10 желтоқсанда сағат 17:57-де түскен. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, екі қабатты кірпіштен қаланған жеке тұрғын үйдің бірінші қабатында екі кресло, биік орындық, кілем, сондай-ақ екінші қабатқа апаратын ағаш баспалдақ өртенген.