Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ауыл тұрғындарына арналған микронесиелер 2023 жылдың бірінші тоқсанында беріледі

2023 жылдан бастап ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаның ауқымын кеңейту шеңберінде қазақстандықтардың тиімді шарттармен шағын несие алу мүмкіндігі болады деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Ол бизнес ашуға және жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге беріледі.

Ауыл тұрғындарына арналған микронесиелер 2023 жылдың бірінші тоқсанында беріледі
фото: ortcom.kz

Сыйақының номиналды мөлшерлемесі жылдық 2,5%, мерзімі 7 жылдан аспайтын, кепілмен қамтамасыз етілген. Несиенің ең жоғары сомасы - 2,5 мың АЕК немесе шамамен 7,9 млн теңге,  ірі кооперацияны дамыту үшін – 8 мың АЕК немесе шамамен 25,4 млн теңге. Несие қаражатын беру операторларын облыстардың жергілікті жерлердегі әкімдіктері мемлекеттік сатып алуды өткізу арқылы айқындайды. Ұйымдастырушылық жұмысын ескере отырып, алғашқы микронесиелер 2023 жылдың бірінші тоқсанының соңында беріле бастайды деп күтіліп отыр – деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.

Айта кетейік, ауыл халқының табысын арттыру бойынша пилоттық жоба алғаш рет 2019 жылы Жамбыл облысында басталды. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында бұл бағдарламаны бүкіл Қазақстан бойынша  масштабтауды тапсырды.

2023 жылы жобаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен 11 мыңнан астам шағын қарыз беру жоспарымен 52,4 млрд теңге бөлу көзделіп отыр.